29 қараша 2019 | 12:34

Сағынтаев қоластындағы жемқорлар үшін отставкаға кетуге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.gov.kz © almaty.gov.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоластындағы жемқорлар үшін отставкаға кетуге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол елордада Орталық коммуникациялар брифингінде журналистердің сұрағына жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоластындағы жемқорлар үшін отставкаға кетуге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол елордада Орталық коммуникациялар брифингінде журналистердің сұрағына жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі бұл жағдайда заң бойынша әрекет ететінін айтты.

"Заң ол заң, оның нормаларын орындау қажет. Құдай сақтасын, егер де қоластындағыларым сотқа тартылып және оның кінәсі дәлелденіп, үкім шығып жатса, заң бойынша мен отставкаға кетуім керек. Бірақ Президент айтқандай, отставка туралы өтінішті қабылдау немесе қабылдамау - Президенттің құқығы. Сондықтан мен заң нормалары бойынша әрекет етемін", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулерге қол қойған еді. Түзетулер басшылардың, соның ішінде министрлер мен әкімдердің сыбайлас жемқорлық үшін оларға бағынышты адамдарды тартқан жағдайда дербес жауапкершілігін белгілеу туралы норманы қамтиды.

Қоластындағы жемқор үшін кімдердің және қашан қызметтен кететіні айтылды

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети