27 қыркүйек 2016 | 15:50

Сағынтаев құрылыс индустриясындағы қазақстандық қамтуды арттыруды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы аясында "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасын құру барысында құрылыстың жаңа әдістерін анықтап, мәселелерді ескеруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 
 
Премьер-министр Мемлекет басшысының "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасын құру жөніндегі тапсырмасын тиімді және сапалы атқарудың маңыздылығын атап өтті. Осыған қатысты Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа тапсырма берді.

Иконка комментария блок соц сети

"Мен ұлттық экономика министріне "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша нарық мүшелерінің және қызығушылық танытқан барлық тараптармен талқылау және кеңес беру тұтас алгоритмін құруды тапсырамын. Бізге жұмыс барысында кездесетін барлық мәселелерді ескеріп, жаңа әдістерін анықтау қажет. 2017 жылы жаңа бағдарламаның жаңа форматында жұмыс істеуіміз керек", - деп Бақытжан Сағынтаев осы бағытқа байланысты жаңа жұмыс тобы құрылғанын айтты.

Сонымен қатар, премьер-министр құрылыс нысандарын салу барысында қазақстандық материалдардың үлесін арттырудағы маңызын атап өтті.

"Тағы бір маңызды мәселелердің бірі - құрылыс жұмыстары кезінде отандық өнімдерді пайдалану. Бүгінде олардың үлесі 58 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін арттыру аса маңызды болып есептеледі. Тұрғын үй бағдарламасы операторларын құрылыс жұмыстарын жүргізетіндермен бірге осы мәселені бақылауда ұстау қажет. Сондай-ақ, құрылыс индустрия кәсіпорындары баға тұрғысынан да, сапалық жағынан да бәсекеге қабілетті болуы қажет", - деді Сағынтаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети