Сағынтаев мектептердегі орын тапшылығын 80 пайызға дейін қысқартуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағынтаев мектептердегі орын тапшылығын 80 пайызға дейін қысқартуға уәде берді © Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала мектептеріндегі орын тапшылығын 80 пайызға дейін қысқартуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала мектептеріндегі орын тапшылығын 80 пайызға дейін қысқартуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының Әуезов ауданында жаңа оқу жылында 1200 орынды жаңа мектеп ашылады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданы тұрғындарының бала бақшалар мен мектептерде орын тапшылығы, абаттандыру және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі өтініштерін шешу жолдарымен танысты.

Әуезов ауданының тұрғындары көтерген ең өзекті мәселенің бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Бүгінгі күні ауданда 5365 орын жетіспейді. 6 мыңға жуық адам тұратын "Мамыр" ықшамауданында 1200 орынды мектеп салынуда. Б. Сағынтаев құрылыс алаңын аралап көрді және қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын, құрылыс жұмыстарының барысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Жаңа оқу жылында салынып жатқан осы мектепті және Ақсай-3а ықшамауданындағы №123 мектеп жанындағы 400 орынды қосалқы нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

"Жалпы қала бойынша мектептерде 30 мың орын жетіспейді. Халықтың саны өсуіне орай келер оқу жылында бұл көрсеткіш екі есеге артатын болады. Сондықтан 2020-2021 жылдары 16 жаңа мектеп және 23 қосалқы нысан салу жоспарланған, бұларда шамамен 47,5 мыңы орын болады. Яғни, оқушы орнының тапшылығы 80 пайызға қысқарады.

Құрылыс ЖҚЖК, МЖӘ бағдарламалары мен жобалары және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша әрі жеке кәсіпкерлікті ынталандыру арқасында қарқынды жүруде.
Бала бақшалардағы орын тапшылығы мәселесін шешуге тұрғын кешендерін салумен айналысатын кәсіпкерлер көмектесуде. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша ТК салу кезінде әлеуметтік нысандар үшін орындар бөлу міндетті түрде қарастырылуы тиіс", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети