04 қараша 2017 | 13:10

Сағынтаев мерекелік күндер күнтізбесін бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесін бекітті, онда 46 күн ресми түрде мерекелік күндер болып саналады. Құжат "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесін бекітті, онда 46 күн ресми түрде мерекелік күндер болып саналады. Құжат "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланды. 

Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады. Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

Әділет министрлігі жанындағы Нормативтік-құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтына сілтеме жасап. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ағымдағы жылдың 31 қазаны күні «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Осы құжатқа сәйкес 46 мерекелік датадан тұратын тізбе бекітілді.

Үкім биыл 31 қазанда жарияланды. Қазақстандағы мерекелік күндерінің толық тізімі мынадай:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні - 10 қаңтар;
2.    Алғыс айту күні - 1 наурыз;
3.    Жерге орналастыру, геодезия және картография күні - наурыздың екінші сенбісі;
4.    Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі;
5.    Ғылым қызметкерлері күні - 12 сәуір;
6.    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні - 21 сәуір;
7.    Мәдениет және өнер қызметкерлері күні - 21 мамыр;
8.    Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр;
9.    Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - мамырдың соңғы жексенбісі;
10.  Қазақстан Республикасы рәміздері күні - 4 маусым;
11.  Эколог күні - 5 маусым;
12.  Полиция күні - 23 маусым;
13.  Мемлекеттік қызметші күні - 23 маусым;
14.  Жеңіл өнеркәсіб қызметкерлері күні - маусымның екінші жексенбісі;
15.  Медицина қызметкері күні - маусымның үшінші жексенбісі;
16.  Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні - 28 маусым;
17.  Дипломатиялық қызмет күні - 2 шілде;
18.  Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні - 13 шілде;
19.  Балық шаруашылығы қызметкерлері күні - шілденің екінші жексенбісі;
20.  Металлург күні - шілденің үшінші жексенбісі;
21.  Сауда қызметкерлері күні - шілденің төртінші жексенбісі;
22.   Көлік қызметкерлері күні - тамыздың бірінші жексенбісі;
23.  Құрылысшы күні - тамыздың екінші жексенбісі;
24.  Шекарашы күні - 18 тамыз;
25.  Спорт күні - тамыздың үшінші жексенбісі;
26.  Шахтер күні - тамыздың соңғы жексенбісі;
27.  Білім күні - 1 қыркүйек;
28.  Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні - қыркүйектің бірінші жексенбісі;
29.  Отбасы күні - қыркүйектің екінші жексенбісі;
30.  Қазақстан халқы тілдерінің күні - қыркүйектің үшінші жексенбісі;
31.  Атом саласы қызметкерлерінің күні - 28 қыркүйек;
32.  Әділет органдары қызметкерлерінің күні - 30 қыркүйек;
33.  Машина құрастырушылар күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;
34.  Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;
35.  Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні - 6 қазан;
36.  Ұстаздар күні - қазанның бірінші жексенбісі;
37.  Құтқарушы күні  - 19 қазан;
38.  Орман шаруашылығы қызметкері күні - қазанның үшінші жексенбісі;
39.  Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні - қазанның соңғы жексенбісі;
40.  Күзет ұйымдары қызметкерлері күні - 29 қазан;
41.  Сыртқы барлау күні - 5 қараша;
42.  Статистика күні  - 8 қараша;
43.  Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - 15 қараша;
44.  Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні - қарашаның үшінші жексенбісі;
45.  Прокуратура күні - 6 желтоқсан;
46.  Энергетик күні  - желтоқсанның үшінші жексенбісі.

Қаулы ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелер:

Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер атап өтіледі.

Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мейрамдау кезінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда ресми іс-шаралар өткізіледі.

Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі түрде атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді мейрамдау кезінде ресми іс-шаралар өткізілуі мүмкін. 

Ұлттық мерекелер:

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтілетін 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

Мемлекеттік мерекелер:

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер - мына күндері атап өтілетін мерекелер:
1. 1-2 қаңтар - Жаңа жыл; 
2. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
3. 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
4. 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
5. 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
6. 9 мамыр - Жеңіс күні;
7. 6 шілде - Астана күні;
8. 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
9. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети