28 наурыз 2018 | 14:10

Сағынтаев Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ОҚО-ға барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік", "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Оңтүстік Қазақстан облысына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік", "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Оңтүстік Қазақстан облысына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс сапары барысында бірқатар өндірістік нысандарға бару жоспарланып отыр, оларды мысалға ала отырып, ҚР премьер-министріне өңірде индустриялық-инновациялық даму, "Нұрлы Жер", агроөнеркәсіптік кешенді дамыту секілді мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу қарқыны туралы баяндалады, сондай-ақ Индустрия 4.0 элементтерін енгізу нәтижелері ұсынылады.

Кестедегі негізгі іс-шаралар - бизнес өкілдерімен, облыстың жұмыс активімен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен және студент жастармен кездесулер болады.

Атап айтқанда, "Жабай ата" ЖШС және "Сарыағаш жер сыйы" ЖШС агроөнеркәсіптік кәсіпорындарын аралау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен АӨК мемлекеттік бағдарламасын және Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» төртінші әлеуметтік бастамасын іске асыру мәселелерін талқылайды.

Облыстық клиникалық аурухананың жаңартылған инфрақұрылымымен танысқаннан кейін өтетін дөңгелек үстелде өңірдің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және саланы қайта реттеу шаралары, МЖӘ және жеке қызметтер секторын дамыту мәселелері егжей-тегжейлі қаралады.

Шымкенттің ЖОО-лары мен колледждерінің басшылығы мен студенттері, студенттік ұйымдардың көшбасшылары ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студенттердің жатақханада тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі жаңа құралдарды талқылайды.

Сапар соңында облыстың жұмыс активтері мен бизнес өкілдерімен кездесу өтеді. Күн тәртібінде: өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері, оның ішінде инвестициялар тарту, ШОБ дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0, цифрландыру, жұмыс орындарын ашу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресімдеу мәселелері.

Сондай-ақ, Сағынтаев Сарыағаш ауданының аграрлық кәсіпорындарын: "КелесПласт" ЖШС полиэтиленді жабын өндіру цехы мен "Жабай ата" ЖШС жылыжай кешенін аралаудан бастады.

Қазіргі таңда еліміздегі барлық жылыжайлардың 80 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. 2017 жылы өңірде 201,7 гектар жаңа жылыжай пайдалануға берілді, оның ішінде Сарыағаш ауданында 72 гектар. Бұған қоса, биыл жалпы ауданы 214 гектар болатын жаңа жылыжай кешендерін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сарыағаш ауданындағы кәсіпорындарды тексеру барысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа Президенттің тапсырмаларын орындау аясында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

"КелесПласт" ЖШС директоры Омаров өндіріс процесімен таныстырып, өнімдер сұрыпталымын - соңғы шыққан өңдеу технологияларының көмегімен пайдаланылған материалдардан жасалған жіптер мен полиэтиленді жабындарды көрсетті. Оның айтуынша, шикізат шаруашылық субъектілерінен сатып алынады, ал дайын өнімдер ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады және ішкі нарық қажеттіліктерінің 100 пайызды қамтиды. Бұдан өзге, қалдықтар мен полиэтиленді қайта өңдеу ауданның экологиясына оң әсер етеді", - делінген премьер-министрдің сайтында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети