Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауында және "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттердің жүзеге асырылу барысымен танысу, сонымен қатар ҚР Үкіметінің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарып жатқан жұмыстарын түсіндіру үшін Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.
ҚР премьер-министрі ауыл шаруашылығы және индустриалдық кәсіпорындарға, инфрақұрылымдық нысандарға, білім және медицина мекемелеріне барады.

ҚР премьер-министрінің жұмыс кестесіндегі басты шаралардың бірі аймақтағы қоғам өкілдерімен және бизнес-қауымдастықпен кездесуі болады.
Бірінші кезекте Бақытжан Сағынтаев Талдықорған қаласындағы әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі қызметінің жұмысын тексеріп, ұшу-қону жолағына, аэровокзал ғимаратына жүргізілген реконструкциялау мен әуежайдың жаңа авиарейстерді дамыту бойынша перспективалары туралы баяндаманы тыңдады. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министріне аймақтың туристік әлеуетін арттыру мақсатында Үшарал қаласында салынып жатқан аэровокзал құрылысы туралы баяндалды.
Қазіргі кезде Талдықорған әуежайында жылына 26 мың жолаушыға қызмет көрсетіліп, 600 авиарейс ұшырылады. Әуе айлағының қазіргі аэродромдық мүмкіндіктері Boeing-757, Ил-76, ТУ-134, Челленджер-850, АН-24, ЯК-40 типіндегі ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.
Талдықорғанның әуе айлағы Жетісудың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет астанасына қатынап жатқан рейстермен қатар, мұнда ел өңірлеріне бағытталған әуе қатынастары да даму үстінде. Жақын арада Өскемен мен Ресей Федерациясының қалаларына әуе рейстері ашылады. Өңірішілік маңыздағы дамыған бағыттарды есепке ала отырып, жаппай демалыс орындарына - Алакөл көліне - бұл Қазақстанның өзге облыстары мен көрші елдерден туристердің көптеп келуіне мүмкіндік береді.
Кейін Алматы облысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев АӨК дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуымен және инновациялық технологияларды қолданатын шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.
Облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров облыстағы АӨК дамыту және қант қызылшасын, суармалы егіншілікті дамыту бойынша, сонымен қатар сервистік-дайындау цехтарын құру бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы баяндады.
"Нам Г. Н." шаруа қожалығының үлгісінде Бақытжан Сағынтаевқа суармалы егіншілікте жаңа технологиялардың қолданылуы туралы әңгімелеп берді. Бұл шаруашылықтағы суармалы жер көлемі 75 га, оның ішінде 25 га жерде қант қызылшасы 30 га - картоп өсіріледі, қалған жерлерге соя және күздік бидай егіледі. 20 жуық жұмыс орындары құрылған.
Аймақта алғаш рет 10 га қызылша өсіру аумағында тамшылатып суарудың израильдік технологиясы эксперимент түрінде қолға алынады. Диқаншылар осылайша қызылша түсімінің артуына қол жеткізеді, ол аталған шаруашылықта аймақ бойынша орташа деңгейден жоғары және жылына 600 центнерді құрайды.
Алматы облысында қант қызылшасын өңдейтін Жетісудағы аса ірі Ақсу зауыты іске қосылған. 2017 жылы аймақта қант қызылшасы егілетін аумақты 9 мың га дейін арттырып, 30 мың тонна қант алу жоспарланып отыр. Бұл облыс халқын 84 пайызға өз қантымен қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді, бұл 2017-2020 жылдарға арналған АӨК дамытудың мемлектетік бағдарламасының міндеттеріне сай келеді.
Еске салайық, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қазақстан аймақтарына сапары жалғасып жатыр. Бұған дейін ол Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарын аралаған еді.