ҚР Премьер-Министрі Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласының сол жақ жағалауындағы тұрғын-үй және әкімшілік ғимараттардың 70 пайызын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-1-дің қайта жөндеу жұмыстарын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаевқа өңірдің басымдықты жобаларының бірі болып табылатын ЖЭО-3-тің құрылыс жұмыстары туралы есеп берілді. Қазіргі уақытта жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген және мемлекеттік сараптамадан дәйектеме алынған.
Жобаның мақсаты - тиімділігі мен сенімділігі төмен көптеген қазандықтардың қуаттылықтарын алмастыру, жылулық жүктемелердің өсімін жабу, технологиясы тиімді жылу және электр энергиясы өндірісінің экологиялық таза көзін қалыптастыру. Жобаны іске асыру жергілікті өндірістердің дамуына және "Қаражыра" кен орнынан көмір өндіруді қоса алғанда, олардың ұзақ мерзімді қызмет көрсетуіне ықпал ететін болады.