Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің жұмысына қатысу үшін Бішкекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бішкекке келгеннен кейін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бірден Қырғыз Республикасы премьер-министрінің міндетін атқарушы Сооронбай Жээнбековпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның әлеуеметтік-экономикалық даму келешегінің, соның ішінде экономикалық ықпалдастық, техникалық жәрдемдесу және тарифтік саясат саласындағы даму мәселелерін талқылады.
Еске сала кетейік, 3 қарашада, Бішкекте ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кеңесі өтеді. Бүгінде Қазақстан ШЫҰ төрағасы болып табылады, ал 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті өтеді.
Қазақстан Республикасының төрағалық етуші мемлекет ретіндегі саяси іс-қимылдары экономикалық және мәдени ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелерінен тұратын, Ұйым аясындағы көпжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын теңдестірілген түрде дамытуға бағытталған.