29 қазан 2019 10:56

Сағынтаев Тоқаевқа есеп берді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың 9 айында қалада атқарылған жұмыстарды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың 9 айында қалада атқарылған жұмыстарды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағынтаев жаңа экономиканың салаларын құру туралы айтты.

Реклама
Реклама

"Әлеуеті бар бағыттар - білім экономикасы, цифрландыру, креатив индустрия, туризм саласы, қызмет көрсету саласы және басқалар. Сіз Қазақстан халқына Жолдауыңызда жаңа экономикалық өсімнің драйверлері ретінде міндеттер қойдыңыз. Әкімдік жұмысының негізінде - еліміздің мегаполистері үшін "шеті жоқ қала" және қала тұрғындары үшін базалық қызметтердің "қадамдық қолжетімділігі" сайлауалды бағдарламасында сіз белгілеген даму принциптері", - деді әкім.

Оның айтуынша, Алматыда барлық ауданда қала тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Қорытынды бойынша қала тұрғындары үшін өзекті және резонанстық мәселелер тізімі анықталды. Оларды бірінші кезекте шешетін болады, деп хабарлады әкім.

"Алдағы 3 жылда біз шешетін міндеттердің бірі - ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз ету. Қазір қала шетіндегі 23 шағын аудан орталық сумен жабдықталмаған (су тасушылар арқылы тасымалданады). 11 шағын ауданда құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Қалған 12 шағын аудан 2020 жылы іске қосылады", - деді Сағынтаев.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram