Сағынтаев ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады

13 Қараша 2018, 11:24
0
© Tengrinews.kz фотоколлажы
© Tengrinews.kz фотоколлажы

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринді сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Менің бұйрығыма сәйкес, осы салаға жауапты вице-министр ретінде Жұманғаринге сөгіс жарияланды", - деді Сағынтаев Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында айтқан жылу және электр энергиясының тарифтері туралы сөзі талқыланған үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін тарифтерді төмендету және тарифтік жүйенің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспарланған.

"Комиссия құрамында энергетика, ұлттық экономика министрліктері және Бас прокуратура өкілдерінің жұмыс тобы құрылды. Оның негізгі мақсаты - негізгі тұтынушыларға арналған тарифтерді төмендету. Қазір электр энергиясының құнын анықтау әдісі дайындалып жатыр, табиғи монополистерді мақсатты пайдалануды бақылауды күшейту туралы заңнама әзірлеу және монополияға қарсы қызметті күшейту басталды", - деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол энергетика және ұлттық экономика министрліктеріне 1 желтоқсанға дейін жүйелі шараларды әзірлеу тапсырылғанын және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді төмендету керектігін айтты. Негізгі мәселе - тарифтердің қалыптасу ашықтығын қамтамасыз ету, баға өзгерісіне бақылауды күшейту және тарифтерді төмендету жөніндегі шараларды жылдам қабылдау.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай