Сағынтаевқа хабарланғаннан кейін Алматыдағы той өтпейтін болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағынтаевқа хабарланғаннан кейін Алматыдағы той өтпейтін болды Фото: elements.envato.com

Алматыда бақылау тобы қала тұрғындарының бірі шағымданған мейрамхананы тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бақылау тобы қала тұрғындарының бірі шағымданған мейрамхананы тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін бұл ақпаратты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа тікелей эфир кезінде тұрғын айтқан болатын.

"Бүгін мониторинг тобы осы нысанға барды. Шара тоқтатылды. Мейрамхана басшылығымен карантин талаптарының сақталуы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов. 

14 тамызында мониторингтік топ алдын алу мақсатында осы мекемеде қайта рейд жүргізеді

Айта кетейік, Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде тұрғындардың бірі жақын арада қаладағы мейрамханалардың бірінде той өтетінін айтқаны хабарланған болатын. Оның айтуынша, Алматыдағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шектеулеріне қарамастан ұйымдастырылып жатқан отбасылық мерекені болдырмау керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети