Алматылықтар қала көшелерінің біріне шағымданды. Көшедегі асфальт жабынын 2,5 жыл бұрын алған, бірақ қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына қарамастан, жаңасы әлі салынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылықтар қала көшелерінің біріне шағымданды. Көшедегі асфальт жабынын 2,5 жыл бұрын алған, бірақ қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына қарамастан, жаңасы әлі салынбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу ауданы тұрғындарының бірінің айтуынша, оның үйі Латиф Хамиди көшесінде. 2019 жылдың басында мұнда су құбыры мен кәріз жүргізіле бастаған. Осыған байланысты осы көше мен көрші көшелердегі асфальт бұзылған.
"Бүгінде көрші көшелердегі асфальт қалпына келтірілді, бірақ Латиф Хамиди көшесінде бұл мәселе шешілген жоқ. Біз аудан әкімдігіне өтініш жаздық, бірақ ол жауапсыз қалды. Екі ай бұрын қала әкімі ауданымызды аралау барысында асфальт жабынын шұғыл қалпына келтіру бойынша жеке өзі нұсқау берді. Бірақ бұл мәселе әлі шешілген жоқ", - деді көше тұрғындарының бірі.
Латиф Хамиди Көшесі. Жергілікті тұрғындар жіберген сурет
Ер адам жергілікті тұрғындардың әкімдік мамандарына қайта жүгінуі де жауапсыз қалғанын айтты.
"Олар қаржыландыру жоқ деп жауап береді. Бірақ әкімдіктің қала орталығында қазылған көшемізге назар аударғанын қалаймыз", - деді ол.
Латиф Хамиди Көшесі. Жергілікті тұрғындар жіберген сурет
Жетісу ауданының әкімдігі жұмыстарға жауапты Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы екенін түсіндірді. Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы ведомствоға жүгініп, мынадай жауап алды.
"Біздің басқарма тапсырысы бойынша Жетісу ауданын сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамыту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыс басқарманың, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалаудың тұрақты бақылауында. Латиф Хамиди көшесін асфальттау арқылы қалпына келтіру жұмыстары биыл 15 қыркүйекке дейін аяқталады деп күтіледі. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау мерзімі - биыл 25 желтоқсанға дейін", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, орындалған жұмыстарға кепілдік мерзімі - екі жыл. Тиісінше, мердігер ұйым нысанды пайдалануға бергеннен кейін заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды қалпына келтіруге міндетті.
Айта кетейік, биыл 15 шілдеде Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданын аралап, жергілікті жерді абаттандыруды жүзеге асыру барысымен танысты. Сол кезде баспасөз қызметі әкім Қазыбаев көшесі - Рысқұлов даңғылы - Тәтібеков көшесі - Райымбек даңғылы шаршысында инженерлік желілер салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар сапасын тексергенін хабарлады. Дәл осы жолда Латиф Хамиди көшесі орналасқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!