Сағынтаев 2018 жылғы Олимпиада ойындарына байланысты Мұхамедиұлына тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағынтаев 2018 жылғы Олимпиада ойындарына байланысты Мұхамедиұлына тапсырма берді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаевқа 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында ел құрамасының жеңіске жететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысы барысында Қазақстан құрамасының 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қалай дайындалып жатқанын айтып берді.

"Медальдарға қатысты қандай болжам бар?", - деп сұрады премьер-министр Арыстанбек Мұхамедиұлынан.

"Бақытжан Әбдірұлы (Сағынтаев - автор.), (...) Жеңіс күтеміз", - деп жауап берді мәдениет және спорт министрі.

 "Жақсы. Онда сізге біздің қатысушыларымыздың дайындығын сапалы түрде өткізу тапсырылады. Оларды медальдармен күтеміз, сіздерде басқа жол жоқ", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети