Сағынтаев жаңа жүйе туралы: Қарсыласқандар болса, қатаң тыйып отыру керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағынтаев жаңа жүйе туралы: Қарсыласқандар болса, қатаң тыйып отыру керек © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесін енгізу туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесін енгізу туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елбасы мемлекеттік сатып алу жүйесін әділ сынға алған. Жаңа жүйе қысқа уақытта жасалды, қазір пилоттық режимде іске қосамыз. Түсінікті, Абылай Исабекұлы (Мырзахметов) дұрыс айтады, бұл басқа жүйеге үйренген құрылысшылар үшін ауыр. Енді жүйені ауыстырамыз", - деді Сағынтаев.

Үкімет басшысы қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа істі бақылауда ұстауды тапсырды.

"Бақыт Тұрлыханұлы, бастысы бұл пилоттық жоба жұмыс істеуі керек. Қарсылықтар болады деп ойлаймын. Ескі жүйеге оралу үшін пилоттық жобаны құлатуға тырысады. Мұндайды қатаң тыйып отыру керек. Комитеттегі адамдарыңыз да міндетін нақты орындауы қажет. Бақылауда ұстаңыз. Жыл соңына дейін жұмыс істейді, ал келесі жылы мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесіне толық көшу керек", - деп аяқтады сөзін премьер-министр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында сатып алу жүйесін жетілдірудің шешуші мәселелердің бірі екенін айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети