Сағынтаев жастарды әлеуметтік лифтілерді пайдалануға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағынтаев жастарды әлеуметтік лифтілерді пайдалануға шақырды © Тұрар Қазанғапов

Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Сағынтаев жастармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері Мемлекеттік хатшыға Жастар жылы аясында жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Бақытжан Сағынтаев жастармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері Мемлекеттік хатшыға Жастар жылы аясында жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша қазіргі таңда жастардың әл-ауқатын жақсартуға, олардың сапалы білім алуына, денсаулық сақтау қызметіне қол жеткізуіне, баспана жағдайын түзетуіне, бос уақыттарының дұрыс ұйымдастырылып, Қазақстан жастарының өмірден өз орнын табуына бағытталған маңызды әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Елбасының жастар саясаты саласында алға қойған міндеттерін тиімді орындау үшін мемлекеттік органдар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдары бірлесе жұмыс жұмсауы қажеттігін айтты.

Осыған байланысты Бақытжан Сағынтаев еліміздің барлық жастарын Жастар жылы аясында іске асырылып жатқан жобаларға белсене атсалысуға, өзін-өзі жетілдіру, білім деңгейін көтеру және кәсіби біліктілігін артыру үшін жаңадан енгізілген "әлеуметтік " мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы жастарымыз еліміздің жаһандық әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына айналуға тиіс екендігін атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети