Сағынтаевтың биі мен ракетка ұстаған Назарбаев: Ақорда видео жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағынтаевтың биі мен ракетка ұстаған Назарбаев: Ақорда видео жариялады Видеодан алынған кадр

Ақорда Қазақстан президентінің мамырдағы жұмыс кестесінен алынған қызықты сәттерінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда Қазақстан президентінің мамырдағы жұмыс кестесінен алынған қызықты сәттерінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоның басында Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевты ұлттық киімдегі әйелмен билеуге шақырғанын көруге болады. Бұл сәт Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының алдында Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау кезінде түсірілген. 

Сонымен қатар, видео топтамаға президенттің Алматыға іссапары кезіндегі теннис ойнаған сәті кірді. 

"Өткен аптада Елбасының жұмыс кестесі есте қалалрлық сәтке толы болды. Ақордадағы кездесу мен кеңестерден бөлек Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан бойынша 2 іссапарда болды, Сочиде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссия отырысына қатысты", - делінген видеоға жазылған сипаттамада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети