Саясаттанушы биліктегі тағайындауларға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саясаттанушы биліктегі тағайындауларға қатысты пікір білдірді

Саясаттанушы Талғат Қалиев Әсет Исекешевтің Президент Әкімшілігің басшысы болып және Бақыт Сұлтановтың Астана әкімі болып тағайындалуына қатысты пікір білдіріп, екі шенеуніктің бір-біріне ұқсайтынын айтып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, екі басқарушы да қызмет бабы бойынша жоғарылады.

"(...) Әсет Исекешевтің Астана әкімі болып тағайындалуы да кезінде күтпеген жаңалық болды. Жалпы Президенттің тағайындауларының барлығы күтпеген жерден болады. Дегенмен ол тағайындаулар адамды жаңа қырынан тануға көмектесіп жатады. (...) Жеке мен үшін бұл тағайындаулардың болашағы зор, көп үміт күттіреді. Әсет Исекешев көпшілік алдында аса танымал емес еді. Ол әлеуметтік желілердегі аудитория арқылы адалдығымен ерекшеленді. Ол өте ашық, турашыл адам, қаланы дамытуға өз үлесін қосты. Енді Бақыт Сұлтановтың қай қырынан көретініміз қызық болып тұр. Оған осыған дейін жеткен деңгейді сол қалпында ұстау керек, оны сынақ күтіп тұр. Сондай-ақ, ол мэр ретінде өзінің ерекшелігін көрсете білуі керек", -деді саясаттанушы Қалиев.

Мұның алдында Мемлекет басшысы биліктегі ауыс-түйістердің мәнін түсіндірген болатын.

Еске сала кетейік, кеше, 10 қыркүйекте Әсет Исекешевтің Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалғаны және Әділбек Жақсыбековтің қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Кейінірек Президент Әкімшілігінің басшысы болған Жақсыбековтің "Цесна" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны хабарланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети