Саят Шаяхметовтің ісі тергеуге қайта жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саят Шаяхметовтің ісі тергеуге қайта жіберілді Tengrinews ©

Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметовке қатысты іс қайта тергеуге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметовке қатысты іс қайта тергеуге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Саят Шаяметовтің ісі қорғаушысы Нұрлан Бейсекеевтің өтіншіне қатысты қайта тергеуге жіберілді. Өтініш кеше сот отырысы барысында берілді. Тараптар қаулыға 15 күннің ішінде қалалық сотта шағым білдіруіне болады", - деп хабарлады Астана қаласының №2  Алматы аудандық соты. 

Еске салайық, бұған дейін Шаяхметовтің кінәлі екендігіне байланысты дәлелдер сотта күмән туғызған еді. Саят Шаяхметовке қатысты сот процесі шілде айында басталды. 

2013 жылдың 29 сәуірі күні қаржы полициясы Өскеменде 700 орындық білім беру мекемесі құрылысы кезінде бюджеттің бір миллиард теңгеден астам қаражатын иемдену және талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. Күдік бойынша Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов пен "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС бас директоры А.Пак ұсталды. Сол жылдың 17 мамырында Шаяхметов соттың санкциясымен үй қамауына алынып, екінші фигурант тұтқындалды. Сонымен бірге тағы екі адам сотталушылар қатарына қосылды, олар - "ЗАК Сервис" ЖШС қызметкерлері Роман Киреев пен Алексей Тутубалин. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети