Шаяхметовке қатысты соттың кезекті отырысы 23 шілдеде өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шаяхметовке қатысты соттың кезекті отырысы 23 шілдеде өтеді ©Тengrinews.kz

Бюджеттің бір миллиард теңгеден астам қаражатын иемдену және талан-таражға салу дерегі бойынша айыпталған бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовке қатысты кезекті сот отырысы 23 шілдеде өтетін болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  Істі қарауды бастаған Астана қаласы Алматы аудандық  №2 сотының судьясы Бақытбек Сыздықов бүгін осындай қаулы қабылдады.

Алғашқы сот отырысында экс-шенеунік те, айыпталушы басқа тарап та өздеріне таңылған айыпты мойындаудан бас тартатынын мәлімдеді.

Былтыр 1 қарашада қаржы полициясы Шаяхметовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған еді. Шаяхметов Өскеменде 700 орындық білім беру мекемесі құрылысы кезінде қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, мемлекетке 1,15 млрд теңге көлемінде шығын келтірді деп айыпталып отыр. Сотта айыпталушы ретінде "Қазақстан Республикасында салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС бас директоры Александр Пак, "Сервис ЖАК" ЖШС бұрынғы бас директоры Роман Киреев пен, аталған ЖШС қазіргі директоры Алексей Тутубалин бар. Оларға бюджет қаржысын алаяқтық жолмен жымқырды деген айып тағылып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети