Шаяхметовтің ісі сотта ашық жағдайда қаралып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шаяхметовтің ісі сотта ашық жағдайда қаралып жатыр ©Тengrinews.kz

Астанада бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің соты басталды. Ол 1,5 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің соты басталды. Ол 1,5 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Отырыс Астана қаласының Алматы ауданындағы №2 сотында өтуде. Онда Шаяхметовпен бірге "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС директоры Александр Пак пен "ЗАК Сервис" ЖШС басшысы Киреев жауап беруде. Процесті Алматы аудандық сотының төрағасы Бақытбек Сыздықов жүргізіп отыр. Айыпталушылардың қорғаушылары бұқаралық ақпарат құралдарына шектеу қоюға өтініш берсе де, сот отырысын барлығына ашық жағдайда өткізу туралы шешім шығарылды.

Айта кетейік, 2013 жылы Өскемен қаласындағы білім беру мекемесінің құрылысы барысында бюджет қаражатын ірі көлемде талан-таражға салу бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Сол жылы осы іске қатысы бар деген күдікпен вице-министр Шаяхметов,  "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС директоры Пак пен "ЗАК Сервис" ЖШС басшысы Киреев ұсталды. Соңғы екеуі қамауға алынса, Шаяхметов үйқамаққа отырғызылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети