25 мамыр 2019 | 12:00

Саидмұрат Тәңірберген ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саидмұрат Тәңірберген ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Саидмұрат Тәңірберген ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімімен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Саидмұрат Бапанұлы Тәңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Саидмұрат Тәңірберген 1956 жылы дүниеге. 1979 жылы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған

1979-1992 жылдары "Ремстройтехника" бірлестігінде, "Уран" ғылыми-өндірістік бірлестігінде, Қазақ политехникалық институтында, бүкілодақтық арматура жасау технологиясы ҒЗИ, "КЭМПО"қорғаныс өнеркәсібі корпорациясында жұмыс істеді. 1992-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің әскери бағдарламалар бөлімінің бастығы, экономика министрлігі қорғаныс кешенінің экономика басқармасының бастығы, экономика министрлігі жанындағы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің директоры, экономика және сауда министрлігі Мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры.
1997-1999 жылдары-стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, директоры, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің экономикалық саясат және арнайы бағдарламалар департаменті директорының орынбасары. 1999-2002 жылдары-Қорғаныс министрлігі Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы. 2002-2015 жылдары-сектор меңгерушісі, сыртқы және әскери қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2015 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

"Құрмет" орденімен (2010), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001), "Ерен еңбегі үшін" медалімен (2003), ҰҚШҰ Құрмет грамотасымен (2012), 11 мерейтойлық және ведомстволық медальдармен, ҚР Президенті Әкімшілігінің "Мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен (2014) марапатталған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети