Шәкіртақыны өсіруге бюджеттен шамамен 18 миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шәкіртақыны өсіруге бюджеттен шамамен 18 миллиард теңге бөлінеді

Республикалық бюджеттен шәкіртақыны көтеруге қосымша қаражат бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық бюджеттен шәкіртақыны көтеруге қосымша қаражат бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер біз қаражатты қайдан алатынымызға тоқталсақ, мұнда республикалық бюджет туралы сөз болып отыр. Барлы есебі бар. Президенттің тапсырмасы уақытылы орындалады", - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Шәкіртақыны көтеруге шамамен 18 миллиард теңге бөлінеді.

"Егер біз жылына есептесек, мысалы, шамамен 13 миллиард теңге. Бұл тек ЖОО студенттеріне қатысты. Егер бұған колледждерде оқитын студенттерді қоссақ, бұл тағы да 5-6 миллиард теңге", - деп атап өтті БҒМ басшысы.

Ол стипендияның барлығы 25 пайызға артатынын атап өтті.

"Бізде жоғары стипендия алатын адамдар бар... Үлгеріміне байланысты. Немесе мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және тағы басқа. Әңгіме осы барлық санаттағы 25 пайызға пропорционал түрде көтерілетіні туралы болып отыр", - деп түсіндірді Асхат Аймағаметов.

"Бұл өте үлкен сома, бірақ менің ойымша, бұл өте маңызды шешім. 2016 жылдан бастап шәкіртақы көлемі өспеді. Студенттер бұл жаңалықты көптен күтті. Бұл тұрғыда бұл өте үлкен қолдау және үлкен көмек", - деді министр.

Бұған дейін Президент 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттеріне стипендияны 25 пайызға арттыруды тапсырған. Тоқаевтың айтуынша, бұл 133 мыңға жуық адамға қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети