Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов аймақта Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шаралардың болмайтынын хабарлады. Бұл туралы ол Facebook пен Instagram желісінде жазды.
Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов аймақта Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шаралардың болмайтынын хабарлады. Бұл туралы ол Facebook пен Instagram желісінде жазды.
"Құрметті жерлестер! Коронавирус инфекциясы қазіргі кезде әлемнің көптеген еліне тарады. Барлық мемлекеттер қауіпті вирусқа қатысты алдын алу іс-шараларын күн сайын күшейтіп жатыр. Елімізде аталған инфекция тіркелген жоқ. Алайда, "сақтықта қорлық жоқ" деген ұғымды ұстанған халықпыз. Сондықтан, Қазақстанда да республикалық деңгейде сақтық күшейтілді. Біз де қауіпсіздік мақсатымен облысымызда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізбеу туралы шешімге келдік. Сіздердің бұған түсіністікпен қарайтындарыңызға сенемін", - деп жазды әкім.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізбеу туралы шешім қабылдаған еді. Сол кезде Мемлекет басшысы мұның әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отырғанын мәлімдеген болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!