Метро вагонына жабысып алған экстремал блогердің видеосы Желіде қызу талқыланып жатыр. Кейбіреуі жігітті жолаушылар мен метро қызметкерлеріне қатысты жауапсыз әрекеті үшін сөкті. "Менің анам сол жерде жұмыс істейді, айтуынша, оның кесірінен қызметкерлер жұмыстан шығып қалуы мүмкін", "Жарайсың, бірақ сен басқа адамдарды ойладың ба?"- дейді олар.

Басқалары жігітті қолдады: "Қазақ Том Круз", "Сені табуып алмайды деп үміттенемін". Ал видео бұл уақытта қаралым жинап жатыр. Блогер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында әрекетін түсіндірді.
Жігіт өзінің таза алматылық екенін айтады, сатушы-кеңесші болып жұмыс істейді екен, жауынгерлік өнер мен жүгіруді жақсы көреді, Алматы арбатына жақын жерде тұрады. Қазір полиция видео авторын іздестіріп жүр, сондықтан ол шын есімін атамай, өзін Коля немесе SheRIFF Almaty деп таныстырды.
Алматыда блогер метро вагонына жабысып алған
Алайда Желіде оны автобусққа шыққаны үшін жергілікті Өрмекші-адам деп атап кеткен.
"Көлікке ілінгенім үшін жауапкершілік - 1 АЕК (2778 теңге) айыппұл. Оның өзінде мені сол жерде ұстаулары керек. Мені шынымен полиция іздеп жүр, бірақ басқа себеппен. Мен тіркелген мекенжайға бірнеше рет келген екен.
Орта білімім бар, әрі қарай ешқайда түспедім. Айналысатын іс жоқ. Күндіз жұмыс істеймін және өзімді тұмандағыдай сезінемін. Достарым да, құрбыларым да жоқ. Алкогольге түбегейлі қарсымын. Әр күнім алдыңғысына ұқсайды", - дейді блогер.
Ол неге өз өміріне қауіп төндіре отырып, осындай әрекетке барғанын да түсіндірді.
"Салдары жайлы ешқашан ойламаппын. Бәрі жақсы болатынына сенемін. Онда көңіл көтеру үшін барамын, мен өз ісіммен айналысқым келеді, артымнан көп із қалдырғым келеді, осылайша адамдарға өз ойын білдіру мүмкіндігін көрсеткім келеді", - деді ол.
Коля болашақта жақсы жалақы төленетін, арманындағы мамандықты тапқысы келетінін айтады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!