14 қазан 2015 | 09:44

Салидат Қайырбекова Ұлттық медициналық холдингке басшы болып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© strategy2050.kz © strategy2050.kz

Салидат Қайырбекова Ұлттық медициналық холдингке басшы болып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Назарбаев Университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Салидат Қайырбекова Ұлттық медициналық холдингке басшы болып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Назарбаев Университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, Салидат Қайырбекова "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқармасының төрағасы қызметіне 2015 жылдың 13 қазанында келген. Бұған дейін бұл позицияда Нұржан Отарбаев болған еді.

Еске салайық, таяуда Салидат Қайырбекова ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылған еді. 

Айта кетейік, Салидат Қайырбекова 2010 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болған еді. Бұл қызметке ол ведомствоның бұрынғы басшысы Жақсылық Досқалиевке қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін келген болатын.

Денсаулық сақтау министрлігіндегі қызметте Салидат Қайырбекова 2014 жылдың тамызына дейін болды. Ал үкіметтің қайта құрылымдалуынан кейін ол денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметіне келген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети