Қазақстанда салқын ауа райы апта соңына дейін сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасай отырып.
Қазақстанда салқын ауа райы апта соңына дейін сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасай отырып.
"Маусым айына тән ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің оңтүстігі мен батысында сақталады. Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда ауа райы апта соңына дейін салқын болмақ. Сондықтан осы аймақтарда алдағы 3 күнде ауа райы жауын шашынды болады, күндізгі ауа температурасы 15-25 гардус жылылықтан аспайды, бұл қалыпты жағдайдағыдан 2-7 градус температураға төмен", - дейді синоптиктер.
"Қазгидромет" орталығы мамандарының айтуынша Астанада 5-7 маусым күндері жауын-шашын болып, күндіз ауа температурасы 20 градус жылылықты көрсетсе, түнде 6 градус 0-ден жоғары. Алматыда 5-7 маусым күндері ауа райы жауын-шашынсыз, жылы болмақ. Күндіз ауа температурасы 28 градус жылы болса, түнде 8-12 градус 0-ден жоғары.
Естеріңізге сала кетейік, жаз келгелі бүкіл Қазақстан бойынша ауа райы салқын. 3-5 маусымда Қазақстанның барлық аймақтарында температура қалыпты жағдайдан 3-8 градусқа төмен болды. Себебі арктикалық дымқыл ауаның салдарынан елімізде бірнеше күн ауа райы салқын болды.