Салқын ауа райы апта соңына дейін сақталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салқын ауа райы апта соңына дейін сақталады

Қазақстанда салқын ауа райы апта соңына дейін сақталады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда салқын ауа райы апта соңына дейін сақталады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасай отырып. 

"Маусым айына тән ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің оңтүстігі мен батысында сақталады. Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда ауа райы апта соңына дейін салқын болмақ. Сондықтан осы аймақтарда алдағы 3 күнде ауа райы жауын шашынды болады, күндізгі ауа температурасы 15-25  гардус жылылықтан аспайды, бұл қалыпты жағдайдағыдан 2-7 градус температураға төмен", - дейді синоптиктер.

"Қазгидромет" орталығы мамандарының айтуынша Астанада 5-7 маусым күндері жауын-шашын болып, күндіз ауа температурасы 20 градус жылылықты көрсетсе, түнде 6 градус 0-ден жоғары. Алматыда 5-7 маусым күндері ауа райы жауын-шашынсыз, жылы болмақ. Күндіз ауа температурасы 28 градус жылы болса, түнде 8-12 градус 0-ден жоғары.

Естеріңізге сала кетейік, жаз келгелі бүкіл Қазақстан бойынша ауа райы салқын. 3-5 маусымда Қазақстанның барлық аймақтарында температура қалыпты жағдайдан 3-8 градусқа төмен болды. Себебі арктикалық дымқыл ауаның салдарынан елімізде бірнеше күн ауа райы салқын болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети