Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотталған Байжанов өзін ақтауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотталған Байжанов өзін ақтауды сұрады Бақытжан Байжанов. Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов өзін толық ақтауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов өзін толық ақтауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот жүйесінің кассациялық соттар департаменті сотталған Бақытжан Байжановтың мүддесінде адвокат Секеров пен қорғаушы Күлдеевадан кассациялық шағымдар түскенін хабарлады.

Адвокат Секеров бірінші сатыдағы сот үкімі мен апелляциялық шешімнің күшін жойып, Байжановты толық ақтауды сұрап отыр. Оның пікірінше, сотталушының әрекетінде қылмыс құрам жоқ. Ал қорғаушы Күлдеева ақтауды талап етпейді, бірақ жазаны жеңілдетуді сұрайды.

"Кассациялық шағымда адвокат А.Ж. Секеров Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы үкімі мен Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысының күшін жоюды және сотталған Б.А. Байжановты ҚР ҚК-нің 432-бабында ("Қылмысты жасырып қалу") көзделген қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрайды", - делінген жауапта.

Қазіргі уақытта іс кассациялық соттың өндірісінде. Сот отырысы 2026 жылғы 14 мамырға белгіленген.

Мән-жайы

Бақытжан Байжанов бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы. Ол Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша қылмысты жасырып қалғаны үшін сотталған болатын.

2024 жылғы 13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны ҚК-нің 432-бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Байжанов 2023 жылғы 12 қарашада ұсталып, тергеу изоляторында болды, ондағы бір күн мекемедегі бір жарым күн болып есептеледі. Ол жазасын Степногорскідегі қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп жатыр.

2026 жылы сот Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылықты қолдану туралы ұсынысты қарады. Заңда келтірілген залал өтелсе немесе болмаған жағдайда, ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін үштен бірге қысқарту қарастырылған.

Сот ұсынысты қанағаттандырып, Байжановқа жазасының өтелмеген бөлігін үштен бірге қысқартты. Нәтижесінде түпкілікті бас бостандығынан айыру мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн болды.

Бастапқыда Байжанов 2027 жылдың шілдесіне бостандыққа шығады деп жоспарланған. Мерзім қайта есептелгеннен кейін ол бостандыққа шамамен 2026 жылғы желтоқсанда шығады.

Салтанат Нүкенованың өлімі

2023 жылы 9 қарашаға қараған түні Салтанат BAU мейрамханасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соққыға жығуынан кейін көз жұмды. Ол бірнеше рет соққы жасап, содан кейін бірнеше сағат бойы көмексіз қалдырған, салдарынан әйел қайтыс болды.

2024 жылғы 13 мамырда Астанада сот процесі аяқталды. Сот Қуандық Бишімбаевты жұбайын қинағаны және өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл Қазақстан тарихындағы ең резонансты процестердің бірі болды, оны бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам бақылап отырды. Әлеуметтік желілерде Салтанатты қолдау акциялары өтіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері жаппай талқылана бастады. Құқық қорғау ұйымдары, заңгерлер мен белсенділер заңнамаға өзгерістер енгізуді талап ете бастады.

2024 жылдың басында билік реформалар бойынша жұмысқа кірісті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар заңға қол қойды. Бұл бастамалар халық арасында бейресми түрде "Салтанат заңы" деп аталды.

2024 жылғы 16 маусымда әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша заң күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 470.4   545.68   5.89 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети