25 желтоқсан 2019 | 11:01

Салтанат Томпиева Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салтанат Томпиева  ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Салтанат Томпиева  ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, жауапты хатшының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы бұйрығымен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің, ҚР Үкіметінің келісімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Томпиева Салтанат Еркінқызы тағайындалды.

Томпиеваның Азаматтық авиация комитетінде еңбек өтілі 20 жылдан асқан. Азаматтық авиация саласындағы еңбек қызметін Томпиева 1998 жылдан Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастады.

1999-2008 жылдар аралығында Стратегиялық жоспарлау бөлімінің, әуе қызметтері нарығын қалыптастыру бөлімінің, әуежайлар қызметін реттеу басқармасының, әкімшілік-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2008 жылдан 2012 жылға дейін Әуе кеңістігін пайдалану басқармасының, халықаралық стандарттарды енгізу басқармасының, халықаралық қатынастар басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети