Салық жеңілдіктері қашан және қандай көліктерге қолданылмақ?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салық жеңілдіктері қашан және қандай көліктерге қолданылмақ? depositphotos.com/welcomia

Салық бойынша жеңілдік қашан күшіне енеді және қандай көліктерге қатысты екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салық бойынша жеңілдік қашан күшіне енеді және қандай көліктерге қатысты екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңарған Салық кодексінің жобасын мәжіліс мақұлдап, сенатқа жіберді.

"Құжатта шыққанына 11–20 жыл болған машинаға 30 пайыз, одан ескісіне 50 пайыз жеңілдік жасау туралы ереже өзгеріссіз қалды. Енді оны сенаторлар кодекстен алып тастамай, президент қол қойса болғаны", - делінген жазбада.

Жеңілдік қашан күшіне енеді?

Кодекс келер жылы 1 қаңтарда күшіне енуі керек. Демек жеңілдік те сол кезде қолданыла бастайдыі. Мысалы, жүргізуші ескі көлігін сатса, 2026 жылы ақпанда 2025 жылғы салықты бұрынғы мөлшерлеме бойынша төлейді (оған дейін төлеп қоймаса), 2026 жылы көлік иесі жаңа мөлшерлеме бойынша есеп айырысады.

Қанша көлікке салық жеңілдігі болады?

ҚР Ұлттық статистика бюросының есебінше биыл 1 мамырда елде 6 175 955 көлік құралы тіркелген. Оның 5 340 301-і — жеңіл автомобиль. 11–20 жыл бұрын шыққан машина — 1 270 746, ал 20 жылдан асқан көлік — 2 266 099.

Елде 3 536 845 ескі автомобиль бар. Демек, салық жеңілдігі Қазақстан автопаркінің жартысынан көбін қамтиды. Оның үстіне 2026 жылы ескі көлік саны тағы артатыны анық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети