18 қазан 2018 12:47

Салық қарызы 120 миллион теңгеден аспағандарды түрмеге қамамау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Қазақстанда салықтық заң бұзушылықтары үшін кәсіпкерлерге тағайындалатын жазаны жеңілдету ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда салықтық заң бұзушылықтары үшін кәсіпкерлерге тағайындалатын жазаны жеңілдету ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың айтуынша, жеке экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықты гуманизациялау мәселесі пысықталып жатыр.

"Салықтық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық жауапкершілік шегін көтеруге қатысты түзетулер пысықталып жатыр, заңды тұлғалар үшін 20 мың АЕК-тен 50 мың АЕК-ке дейін, яғни, 120 миллион теңгеге дейін", - деді Смаилов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министр оңалту мен банкроттық туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, заң жобасы жасалған, ол төлем қабілетінде проблемалары бар кәсіпорындардың оңалып, төлем қабілетін қалпына келтіріп, кредиторлар мен бюджет алдындағы міндетін одан әрі атқаруына мүмкіндік беруге бағытталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети