Салық комитеті Грузия мен Әзербайжаннан көлік алғысы келетіндерге үндеу жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Қазақстанға көліктерді, негізінен, Грузия мен Әзербайжан азаматтары әкеледі. Мұндай көлік құралдары кейін ел азаматтарының "иелігіне" беріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға көліктерді, негізінен, Грузия мен Әзербайжан азаматтары әкеледі. Мұндай көлік құралдары кейін ел азаматтарының "иелігіне" беріледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауар саналады және кедендік бақылауда болады.

"МКК уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және сәйкесінше тиесілі кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді", - делінген хабарламада.

МКК мәліметінше, шет ел азаматтары көлік құралдарын әкелгеннен соң Қазақстан аумағынан белгілі бір уақытта кетіп қалатыны байқалған.

"Яғни, ЕАЭО аумағына автокөлік құралдары әкелінгенде, Қазақстан азаматына беру мақсатында келген деп болжанады. Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл) автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет. Егер шығып кетпесе, ЕАЭО-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылады", делінген МКК хабарламасында. 

Қазіргі уақытта 116 автокөлік құралы ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған.

"Сіз сатып алғалы жатқан автокөлігіңіздің шығу тегі немесе заңдылығы күдік туғызатын болса, онда Қазақстанда кедендік тазартудан өткені және тиесілі кедендік алымдар мен салықтар төлегені туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарынан білуге болады. Ол үшін комитетке (87172 71 77 24) немесе тұрғылықты жердегі Мемлекеттік кірістер департаментіне, сонымен қатар ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына хабарласуға болады", - деді МКК өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro