28 маусым 2017 | 14:32

Салықшылар әкімнің орынбасарымен төбелескен бизнесменді тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте: Алмасбек Садырбаев (қоңыр пиджакта), Асқар Тутубаев (жейдемен). Суретте: Алмасбек Садырбаев (қоңыр пиджакта), Асқар Тутубаев (жейдемен).

Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы қала әкімінің орынбасарымен төбелескен бизнесменнің өмірбаянын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы қала әкімінің орынбасарымен төбелескен бизнесменнің өмірбаянын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тексеріс Талдықорған әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тутубаевтың өтініші бойынша жасалды. Құжатта Алмас Садырбаев 2003 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін және сол жылы ақпанда тіркеуден шығып кеткені айтылған. 

"2017 жылдың 28 маусымында Садырбаев Алмас Жұмабекұлы жеке кәсіпкер болып келмейді, осыған байланысты өкіметке салық төленген жоқ", - делінген Талдықорған бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының қызметін атқарушы Анарбек Сейітов қол қоған құжатта. 

Осылайша, ол бизнесмен болмай шықты. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Талдықорған әкімдігінде қала әкімінің міндетін атқарушы Асқар Тутубаев пен кәсіпкер Алмасбек Садырбаев төбелес шығарған болатын. Бизнесмен мұның алдында қала әкімінің кеңесшісі болған. 

Ал жақында Тутубаев тағы да көзге түсті. Әкімнің бірінші орынбасары кәсіпкерлерге дөрекі сөйлеген видео Желіде таралып кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети