Самал-3-тегі тұрғын үй кешенінің құрылысы: Сағынтаев жағдайға араласты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Самал-3 шағынауданы тұрғындарының жаңа тұрғын үй кешенін салуға қатысты шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Самал-3 шағынауданы тұрғындарының жаңа тұрғын үй кешенін салуға қатысты шағымына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шағынаудан тұрғындары бұған дейін құрылысты тоқтату үшін шенеуніктермен бірнеше рет кездесу ұйымдастырған. Содан кейін олар қала әкімінен тұрғын үй кешені орнына келіп, жағдайға араласуын сұрады.

"Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша Меңдіқұлов көшесінде жүк көтергіш көліктердің өтуіне тыйым салынғаны туралы белгі қойылады, сондай-ақ, Самал-3 шағынауданы, 37/2, 37/3 учаскесі мекенжайы бойынша орналасқан "Жастар тұрғын үй кешені жерасты паркингі, Халыққа қызмет көрсетуге арналған тұрғын емес үй-жайлары бар" нысанының құрылыс алаңына кіруді жабу тапсырылды. Қазіргі уақытта Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша нысанға кіреберіс пен шығаберіске бетон блоктар қойды", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Бұған дейін құрылыс компаниясының өкілі тұрғын үй кешенінің жері былтыр сатып алынғанын және бұл жерде жергілікті тұрғындар айтқандай ешқашан саябақ болмағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл учаскеге 2003 жылы "көп пәтерлі тұрғын үй кешені мен бизнес-орталық салу үшін" деген нысаналы мақсат берілген.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Еске салайық, былтыр күзде алматылықтар Самал-3 шағынауданындағы жалғыз саябақ орнына тұрғын үй кешенін салуға шағымданған болатын. Кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың рұқсатынсыз құрылысқа рұқсат бермеуді тапсырды.

Бір айдан кейін жергілікті тұрғындар саябаққа Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді сұрады. Ал осы жылдың басында құрылысшылар учаскеге кейбір жұмыстар үшін экскаватор кіргізігісі келді. Алайда жергілікті тұрғындар бұған жол бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro