ПОДЕЛИТЬСЯ
19 тамыз 2021 | 16:37
Самал-3-тегі тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты тағы бір дау шықты
Алматы қаласы Медеу ауданы Самал-3 ықшамауданындағы жалғыз саябаққа қатысты дау тоқтар емес. Тұрғындар бұл жолы құрылысшылар, Мендіқұлов көшесі жағынан жүретін жалғыз жолды жауып, жаңа дуал орнатқанын айтып шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, құрылыс иесі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына қарамастан, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы Медеу ауданы Самал-3 ықшамауданындағы жалғыз саябаққа қатысты дау тоқтар емес. Тұрғындар бұл жолы құрылысшылар, Мендіқұлов көшесі жағынан жүретін жалғыз жолды жауып, жаңа дуал орнатқанын айтып шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, құрылыс иесі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына қарамастан, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бір жыл бұрын Назарбаев даңғылы 246а үй тұрғындары құрылыс жұмыстарына байланысты шағым түсірген болатын. Одан кейін Меңдіқұлов пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында орналасқан саябақтың биік дуалмен қоршалғаны тұрғындарға кедергі келтіргені айтылған. Бір жыл өтсе де жағдай еш өзгермеді. Керісінше шиеленісе түскен. Құрылыс иесі бұл жолы саябақпен қатар, Мендіқұлов көшесіндегі тар жолды жауып, тұрғындардың ары-бері жүруіне кедергі келтірген.
"Міне, осыған дейін жасалған құрылыс кемшіліктері. Құрылыс жұмыстары тұрғындар үшін, соның ішінде қарттар мен мүгедектер үшін кедергі келтірмеуі керек. Дүкенге, дәріханаға, аялдамаға баратын жолды бұғаттауға бола ма? Енді біз бір жерге бару үшін, бүкіл құрылыс жүріп жатқан жерлерді айналып өтеміз. Бұл құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқандардың кінәсі. Оларды тіпті әкімнің шешімі де тоқтата алмады. Тұрғындардың жүйке жүйесі де сыр бере бастады. Біз тек осы кішкентай жасыл бұрышпен ары-бері еркін жүруді ғана сұраймыз", - деді Назарбаев даңғылы, 246а үй тұрғындарының бірі.
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметі, тұрғындардың шағымына байланысты әкімдік өкілдері тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Қоршау жеке меншіктегі жер учаскесінің шекарасында орнатылды. Ортақ жерді басып алу дерегі расталған жоқ", - деді басқарма өкілі.
Еске салайық, былтыр күзде алматылықтар Самал-3 шағынауданындағы жалғыз саябақ орнына тұрғын үй кешенін салуға шағымданған болатын. Кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың рұқсатынсыз құрылысқа рұқсат бермеуді тапсырды.
Бір айдан кейін жергілікті тұрғындар саябаққа Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді сұрады. Ал осы жылдың басында құрылысшылар учаскеге кейбір жұмыстар үшін экскаватор кіргізігісі келді. Алайда жергілікті тұрғындар бұған жол бермеді.
Кейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мемлекеттік органның құжаттарды кері қайтарып алу туралы әрекетін жарамсыз деп таныды және оның күшін жойды. Кейін құрылыс салушы Назарбаев даңғылы 246а мекенжайы бойынша тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарын қайта бастаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также