12 қараша 2020 09:38

Алматылықтар Самал-3 ықшамауданындағы саябақты сақтап, оған Назарбаев есімін беруді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz/Рашит Ильясов © Tengrinews.kz/Рашит Ильясов

Алматы қаласы Медеу ауданындағы Самал-3 ықшамауданының тұрғындары саябақ құрылысына тыйым салып, оған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы Медеу ауданындағы Самал-3 ықшамауданының тұрғындары саябақ құрылысына тыйым салып, оған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саябақ Меңдіқұлов пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында орналасқан. Жақында аймақ қоршалған болатын. Ол жерде кеңсе және тұрғын үй салынбақ. Жергілікті тұрғындар әкімдікке құрылыс жұмыстарына байланысты шағым түсірген, бірақ мұнымен тоқтамаған. Олар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа хат жазды. 

Хатта тұрғындар құрылыс жұмыстарын тоқтатып, аумаққа Елбасы есімін беруді сұраған. 

"Алматыда саябақ бар, бірақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы саябақ жоқ. Көптеген дарынды адам қатыса алатындай конкурс жариялауға болады. Бұл жерге Самал-3-тің көптеген тұрғыны келеді. Жақын маңда қонақүй бар және шетелдіктер осы жерде демалғанды жақсы көреді, себебі бұл айналадағы жалғыз жасыл аймақ", - делінген тұрғындардың хатында.  

Айта кетейік, Медеу ауданының тұрғындары саябақ аймағындағы құрылыс жұмыстарына шағымданған болатын. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың шағымына жауап берді. Ол құрылыс жұмыстарын тұрғындардың рұқсатысыз бастамауды тапсырған болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети