Самат Әбіш қалай жазалануы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самат Әбіш қалай жазалануы мүмкін? видео кадры

ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Самат Әбіш Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) күдікке ілінген. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, Самат Әбіш қазіргі таңда Қазақстанда.

"Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша Әбіш С.С. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Іс сотқа жіберілді", - дейді Бас прокуратура өкілдері.

Айта кетейік, осы баптың санкциясы бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Сондай-ақ, жаза мүлікті тәркілеуді және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруды қамтуы мүмкін.

Еске салайық, бүгін Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.

Мұның алдында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдалану дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети