ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен "Самұрық-Қазына" АҚ директорлары Кеңесінің отырысының қорытындысында компания басқармасының жаңа құрамы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен "Самұрық-Қазына" АҚ директорлары Кеңесінің отырысының қорытындысында компания басқармасының жаңа құрамы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Ұлттық холдингте трансформация бағдарламасының аясында 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап Қор қызметі жаңа басқару құрылымы мен штаттық кестеге көшірілгені айтылды. Осыған байланысты "Самұрық-Қазына" директорлар Кеңесінің шешімімен "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының төмендегідей жаңа құрамы бекітілді.
Осылайша, ұлттық холдингтің жаңа құрамында: басқарма төрағасы - Өмірзақ Шөкеев.
Стратегия және активтер портфельін басқару жөніндегі басқарушы директор - Балжит Каур Грюал. АҚ мәліметінше, оның банктер мен қаржылық компаниялар, ұлттық әл-ауқат қорларындағы жоғары басқарушылық халықаралық тәжірибесі 15 жыл;
Қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор - Елена Бахмутова, бұған дейін ол Қордың басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын. "Самұрық-Қазына" Қорына дейін ҚР Ұлттық банкі қаржылық қадағалау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің төрайымы қызметтерін атқарған;
Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор - Ғани Битенов. Халықаралық (Bracewell&Giuliani) және қазақстандық заңгерлік компанияларда 10 жылдан астам уақыт жетекші қызметтер атқарған.
Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор - Берік Бейсенғалиев. Осыған дейін ол Қордың бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры болып еңбек етті.
Ұлан Тәжібаев - адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды. Бұған дейін Қордың аппарат басшысы болып еңбек еткен.
"Директорлар кеңесі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі Б.Бейсенғалиевтің "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ директорлары кеңесіне мүше етіп сайлауға рұқсат берді", - деп хабарлады ұлттық холдингтегілер.
Сондай-ақ, жаңа ұйымдастырушылық құрылымда Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдары қысқартылып, басқарушы директорлар саны екі есеге азайтылған.