31 мамыр 2014 | 12:57

"Самұрық-Қазына" активтерін жекешелендіру ісі 2014 жылдың маусымында басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" активтерін жекешелендіру ісі 2014 жылдың маусымында басталады. Атап айтқанда, "ҚТЖ" ҰК" АҚ құрамындағы төрт компаниядағы, "Қазатомпром" ҰАК" АҚ-тың екі компаниясындағы және "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-тың төрт компаниясындағы ұлттық әл-ауқат қорының үлестері сатылымға шығарылады. Бұл туралы аталған қордың ресми сайтында хабарланған.


Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" активтерін жекешелендіру ісі 2014 жылдың маусымында басталады. Атап айтқанда, "ҚТЖ" ҰК" АҚ құрамындағы төрт компаниядағы, "Қазатомпром" ҰАК" АҚ-тың екі компаниясындағы және "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-тың төрт компаниясындағы ұлттық әл-ауқат қорының үлестері сатылымға шығарылады. Бұл туралы аталған қордың ресми сайтында хабарланған.

Холдинг ішінен өз тобындағы компаниялар активтерін сату бойынша комитет те құрылып қойыпты. Оған "Самұрық-Қазына" басқармасы төрағасының орынбасары Елена Бахмутова басшылық етеді. "Біріншіден, сатылымға ұсынылған барлық активтер тәуелсіз сарапшылар тарапынан заңнамалық тексерістен өтеді. Екіншіден, біздің қор өз активтерін тәуелсіз бағалаушылар белгілеген нақты сомадан төменге сатуға құлықты емес. Ақылға қонымсыз бағаға активтер сатылмайды. Егер қандай да бір активтерге сұраныс болмай жатса, онда қордың құзырлы органдары мен еншілес компаниялары аталған мүлікті орналастыру туралы шешім қабылдайды" дейді "Самұрық-Қазына" активтерін жекешелендіру тәртібін түсіндіруде Бахмутова ханым.

Сондай-ақ активтерді жекешелендіру комиссиясы - ұжымдық орган құрылады. Оның құрамына "Самұрық-Қазына" өкілдерінен тыс министрлік пен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлердің ұлттық палатасы өкілдері және "Нұр Отан" партиясының мүшелері енуі мүмкін. 2014-2016 жылдарға белгіленген жекешелендіру бағдарламасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген. ҚР Үкіметінің шешімімен, жеке секторға "Самұрық-Қазына" жанындағы 106 компаниядағы әртүрлі үлестер сатылады. Оның тізімімен мына арадан танысуға болады.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети