"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев "Қазақтелекомның" акцияларының үштен бір бөлігін мемлекетке беруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев "Қазақтелекомның" акцияларының үштен бір бөлігін мемлекетке беруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ брифингінде журналистер қор басшысынан Қайрат Сатыбалдыұлының "Қазақтелекомның" 28 пайызын мемлекетке қайтаруы туралы сұрады.
"Бұл сұрақты мемлекеттік органдарға қойған дұрыс шығар. Себебі бұған дейін ол акциялар Үкіметтен алынды, ал қазір, біздегі ақпарат бойынша, Қайрат Сатыбалдыұлы ол акцияларды Үкіметке сыйлауға дайын", - дейді Сәтқалиев.
Қор басшысының сөзінше, Үкімет ол акцияны не істеу керегін өзі шешеді.
"Әрине, бұл ашықтықты арттыруға, қор нарығын дамытуға, портфельдік компаниялар деңгейінде шешімдер қабылдаудың неғұрлым әділ процестеріне ықпал етеді", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Еске салайық, бұған дейін "Қазақтелеком" акцияларының 30 пайызға жуығы мемлекетке қайтарылғаны хабарланған болатын. Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95 пайызын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!