ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Самұрық - Қазына" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан қор биржасының сайтына сілтеме жасап.
ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Самұрық - Қазына" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан қор биржасының сайтына сілтеме жасап.
"ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі №329 қаулысымен "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамына өзгерту енгізілді, соған сәйкес директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Премьер-министрі Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін кеңес төрағасы қазіргі қорғаныс министрі Серік Ахметов болған еді. Еске салайық, 2 сәуір күні Ахметов Премьер-министр қызметінен кетуге арыз берген болатын.