"Самұрық-Қазына" жұмыстан босатылған топ-менеджерлерге қандай төлем жасалғанын жариялаудан бас тартты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" жұмыстан босатылған топ-менеджерлерге қандай төлем жасалғанын жариялаудан бас тартты

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жұмыстан босатылған топ-менеджерлерге қандай төлем жасалғанын жария етуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жұмыстан босатылған топ-менеджерлерге қандай төлем жасалғанын жария етуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін ҰӘҚ-дағы өзгерістер барысында компанияның бірнеше топ-менеджерлері қызметінен босатылған еді: Құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор - "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі Андрей Кравченко; "Самұрық-Қазына" АҚ-тың корпоративтік басқару, әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директоры Мұхтар Манкеев; "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры Ерлан Тұрмағамбетов; "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Мұхтар Тәжіғалиев; "Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс және үкіметпен байланыс жөніндегі тең басқарушы директоры Бектенбай Есполов; "Біріккен химиялық компания" ЖШС басқарма төрағасы Жанат Түсіпбеков пен Samruk-Kazyna Trust бас директоры Қуат Қожақов.

"Сіздің журналистік сауалыңызға жауап ретінде, Tengrinews.kz редакциясы сұратқан жұмыстан босатылған және қысқартылған қызметкерлерге қатысты мәлімет ҚР Азаматтық кодексінің 126-бабы 1-тармағына, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабына, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" ҚР заңының 1-бабы 8-тармағына және "Самұрық-Қазына" АҚ ақпаратты ашу және сақтау қағидаларына сәйкес жария етуге жатпайтын құпия ақпаратқа жататынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының 11-бабы 16-тармағының 3-тармақшасы және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабы 2, 3, 8-тармақтары негізінде қордың бұл ақпаратты жария етуге құқығы жоқ", - делінген "Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директорының міндетін атқарушы Ғибрат Ауғанов қол қойған "Самұрық-Қазына" АҚ жауабында.

Сонымен қатар, компания топ-менеджерлердің жалақысы туралы сұраққа да жауап бермеді.

"Самұрық-Қазынаның" жеті топ-менеджері қызметінен босатылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети