"Самұрық-Қазына" өкілдері Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2016 жылдың қаңтарында мүше болады деп шамалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімдігінде "Мемлекеттік тапсырыс-2015" шарасы шеңберінде өткен кездесуде "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры Серікбек Елшібеков айтты. Айта кетейік, бұған дейін вице-премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ДСҰ-ға мүше болу рәсімдерінің аяқталып қалғанын мәлімдеген еді.

Елшібековтің айтуынша, қазір "Самұрық-Қазына" холдингі ДСҰ-ға қосылу шеңберінде жеткізушілермен жұмыс істеудің жаңа ережелерін жасап жатыр. Жаңа бастамалардың бірі - біліктілік іріктеу әдісін - рейтинг жүйесін енгізу. Көп ұпайға ие болу үшін жеткізушілер құқықтық қабілеттілік, төлем қабілеттілігі, жұмыс тәжірибесі сияқты талаптарға жауап беруі керек. Байқауға қатысу үшін жеткізушінің сатып алу деңгейі қаншалықты жоғары болса, оған соншалықты көп ұпай жинау қажет. Елшібековтің мәліметінше, кейбір қазақстандық компаниялар қазірдің өзінде тексеруден өткен. 2014 жылдың соңына дейін екі ірі кәсіпорынға талдау жүргізілгелі отыр. "Біз егер Қазақстан 2016 жылдың қаңтарында ДСҰ-ға мүше болса, 2015 жылдың басында жеткізушілерді іріктеу процесіне көшуіміз керек деп ойлаймыз. Бұл процестің ұзақ екені түсінікті, біз оны 2015 жылдың соңына қарай аяқтауды шамалап отырмыз", - деді Елшібеков.
Айта кетейік, осы кездесуде "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев 2014 жылы холдингтің сатып алуларындағы қазақстандық үлес 71 пайызға жеткенін хабарлады. Елшібеков жергілікті үлесті анықтау үшін арнайы мониторинг жүйесі құрылғанын айтты. Сонымен бірге, "Самұрық-Қазына" сатып алуларына электронды құжат тапсыруды енгізудің арқасында жеткізушілер 2014 жылы 5 миллиард теңгеге жуық қаражатты үнемдеді. Бұл іссапарлар шығыны мен құжаттарды көшірмелеуді азайтудың арқасында мүмкін болды. Елшібеков "Самұрық-Қазына" жеткізушілерге тендерлер туралы ақпарат беретін порталды іске қосқанын да айтты.