28 маусым 2022 | 14:53

"Самұрық-Қазына" "ҚазМұнайГаз" IPO-ға шығатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы 2022 жылы IPO-ға шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы 2022 жылы IPO-ға шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акциялары биыл AIX және KASE алаңдарында орналастырылады. "Самұрық-Қазына" мен ҚМГ бұл үшін жетекші қазақстандық инвестициялық банктерді тартты", - делінген хабарламада.

"Самұрық-Қазына" барлық қазақстандық үшін IPO-ны қолжетімді етіп, бөлшек және институционалдық инвесторларды барынша көп қамтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компанияларды IPO-ға шығару жұмыстарын маңызды міндет ретінде атаған болатын. Ол "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы мен оның ұлттық компанияларының рөлін мысалға келтірді.

"Еліміздің қарапайым азаматтары Ұлттық компаниялардың акцияларын иеленуге және салымдарынан өз дивиденттерін алуға мүмкіндігі болуға тиіс. Дәл осындай жолмен халықтың инвестициялық мәдениеті қалыптасады. IPO-ға қатысу Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді болуы қажет. Ол үшін қағазбастылық пен бюрократияны болдырмайтын жаңа цифрлық шешімдер керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети