"Самұрық-Қазына" қоры банк құпиясын мемлекеттік аудит органдарына ашады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:facebook.com/SamrukKazyna Фото:facebook.com/SamrukKazyna

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мемлекеттік қолдау алатын тұлғалардан мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын ашуға келісім алу ережесін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мемлекеттік қолдау алатын тұлғалардан мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын ашуға келісім алу ережесін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бұл құжат Ұлттық қор мен республикалық бюджет қаражатын қоса алғанда, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың ашықтығын арттыруға бағытталған.

"Осы қағидаларға сәйкес қор тобының компаниялары мен олардың контрагенттері мемлекеттік қолдау алған кезде мемлекеттік аудит органдарына банк құпияны ашуы тиіс. Бұл "түпкілікті алушыға дейін" қағидаты бойынша жүргізілетін мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін бағалау сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін осындай шешімдерді "Зерде" АҚ және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ холдингтері де қабылдаған.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру бойынша нақты ұсыныстар мен іс-қимылдар күтетінін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro