24 қаңтар 2022 | 16:56

"Самұрық-Қазына" қорының қызметкерлер саны 50 пайызға қысқарады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді. Соған сай қор қызметкерлері саны екі есеге қысқаратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді. Соған сай қор қызметкерлері саны екі есеге қысқаратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қор қызметкерлерінің саны екі есе, 248-ден 124-ке дейін, ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33 пайыз) қысқарып, "кеңесші" қызметтері жойылды" - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қордың шетелдік өкілдіктері жабылғаны белгілі болды. Жаңа ұйымдық құрылым "Самұрық-Қазына" сайтында жарияланды.

"Бизнес жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған тікелей сатып алудың жаңа тәртібі мен қадағалау, маркетинг және импорттың орнын басу ережелері алдын ала бекітіліп, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, "Атамекен" ҰКП-ге қарастыруға жіберілді. Бір көзден сатып алуға негіз болатын себептер қысқарды. Бұл құжаттарды директорлар кеңесі қабылдағасын, қордың корпоратив орталығы сатып алу әдістемесін дайындау, сатып алуларды қадағалау және бақылау функцияларын атқарады", - делінген хабарламада.

Қордың портфельдік компанияларына "Самұрық-Қазына" АҚ реформалау мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспары жолданғаны айтылды.

"Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының 24 қаңтардағы шешімімен "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС бас директоры А.К. Сұлтановтың, Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы Б.А. Сандықбаевтың, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры А.Ж. Ақыловтың, "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС бас директоры С.К. Елшібековтің уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, еңбек қатынастары тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, басқарма ҚР Үкіметіне жолданатын қорды реформалау бағдарламасын дайындау мерзімдерін бекіткені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети