"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорда және портфельдік компанияларда басшылық қызмет атқаратындардың жалақысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев қорда және портфельдік компанияларда басшылық қызмет атқаратындардың жалақысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Менің білуімше, 2016 жылдан бері басшылық қызметтегілер жалақысы өзгерген жоқ. Біз қазір жалақыны көтеру мәселесіне назар аударып отырған жоқпыз, бірақ соған қарамастан, өз үлескеріміз алдында бұл мәселені көтереміз деп ойлаймын. Яғни қазір ашық конкурс арқылы жұмысқа қабылдауды жүргізіп жатырмыз, ал үміткердің көпшілігі бос орындардан бас тартады", - деді Сәтқалиев ОКҚ брифингінде.
"Самұрық-Қазына" басшысының айтуынша, көп менеджер қазақстандық компанияларды қолдау мақсатында бұрынғы жұмыс орындарына қарағанда төмен жалақыға жұмысқа келген.
"Біз шақырған адамдардың кейбірін, соның ішінде Украинадан да нарықтан алдық. Олар бұрын алған жалақысынан үш-төрт есе төмен жалақыға жұмысқа келді. Бұл шын мәнінде, өте патриоттық серпін. Біздің портфельдік компаниялардың жетекші басшылығын бөлек атап өту керек. Көбі Қазақстанға көмектесу үшін, өз үлестерін қосу үшін 10 есе аз жалақыға келді. Яғни, беделін қадағалайтын, ірі бизнесте, жетекші халықаралық компанияларда жұмыс істеген адамдар көмектесуге дайын. Бұл жерде мотивацияны да қолданамыз. Қазіргі уақытта бұл өте маңызды", - деп қосты Сәтқалиев.
Оның айтуынша, қордағы жалақы деңгейі мемлекеттік қызметкерлердің табыс деңгейіне сай. Менеджерлер 700 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін алады. Кейбір портфельдік компанияларда - 1,5 миллион теңгеге дейін.
"Біз іскерлік ортада жұмыс істейміз. Ол (еңбекақы деңгейі - еск.) орташа салалық көрсеткішпен салыстыруға келетіндей болуы керек" - деп түйіндеді сөзін Алмасадам Сәтқалиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!