"Самұрық-Қазына" Qazaq Air жаңа басшысына конкурс жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" Qazaq Air жаңа басшысына конкурс жариялады Фото: elements.envato.com

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Qazaq Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы лауазымына конкурс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Qazaq Air әуекомпаниясының басқарма төрағасы лауазымына конкурс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Авиация саласы мен оның даму перспективалары туралы өз көзқарасы бар кәсіби маман қажет", - делінген қордың хабарламасында.

Жаңа басшының кандидатурасына қойылатын талаптар:

  • Авиация саласындағы қазақстандық немесе халықаралық компаниялардағы активтердің ірі портфельдерін басқару, жоғары деңгейдегі дәйекті әрі күрделі позицияларда кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт;
  • Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, оның ішінде соңғы 3 жыл ірі компанияларда болуы шарт;
  • Күрделілігі және кіріс көлемі бойынша деңгейлес авиациялық компанияда жоғары басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы шарт.

Бос орын Samruk Qyzmet сайтында орналасқан.

Qazaq Air - 2015 жылы құрылған қазақстандық авиакомпания. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети