"Самұрық-Қазынаның" жеті топ-менеджері қызметінен босатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазынаның" жеті топ-менеджері қызметінен босатылды

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ жеті топ-менеджер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ жеті топ-менеджер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, жазған арыздары бойынша бүгін қызметінен босатылды:

  • Кравченко Андрей Николаевич, құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор - "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі.
  • Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор.
  • Тұрмағамбетов Ерлан Дмитриевич, "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор.
  • Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару жөніндегі тең-басқарушы директор.
  • Есполов Бектенбай Тілектесұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі серіктес басқарушы директоры.
  • Түсіпбеков Жаннат Рашидұлы, "Біріккен химиялық компания" ЖШС басқарма төрағасы.
  • Қожақов Қуат Асқарбекұлы, Samruk-Kazyna Trust КҚ бас директоры", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы тізімдегі кейбір топ-менеджерлер бүгін жарияланған "Самұрық-Қазынаны" реформалау жоспарында жауапты орындаушылар ретінде көрсетілген. Мысалы, жоспарда Мұхтар Манкеев, Мұхтар Тәжіғалиев және Андрей Кравченко бар.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" қорды реформалау жоспарын жариялағаны хабарланды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети