Сән-салтанат салығы неге салынады? Министр жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 775

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығы не үшін қолданылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сән-салтанат салығы не үшін қолданылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сән-салтанат салығы белгілі бір құны қымбат, тіпті инвестициялық құны бар жылжымайтын мүлік, көлік және басқа да сән-салтанат нысандарына қолданылады. Құнына байланысты үдеме болады. Мысалы яхталар, спорттық автомобильдер, шетелдік виллалар, жеке ұшақтар. Бұларға сән-салтанат салығы қолданылатын болады", - деді министр ОКҚ брифингінде. 

Әлібек Қуантыров салықты көлік маркалары бойынша анықтау екіталай екенін нақтылады.

"Менің ойымша, көліктің ең төменгі бағасы туралы мәселе қаралады. Бұл мәселе Салық кодексі аясында халық, сарапшылармен талқыланады. Шартты түрде жоғары салық салынатын көлік құны 100-150 мың доллардан басталады, мүмкін одан да жоғары болуы мүмкін. Біраз градация болады. Жылжымайтын мүлікке де қатысты. Жылжымайтын мүлік сәйкесінше жоғары бағаланады. Жылжымайтын мүліктің өзі жылжымалы мүлікке қарағанда қымбатырақ.

Шартты түрде көлік құнына ең төменгі шекті алайық, 150 мың доллар болсын, құны 60 миллион теңгеге жуық көліктер аз емес. Мен иелердің нақты санын айта алмаймын. Біреудің көлігі миллион доллар тұрады. Елімізде мұндай көлік иелері санаулы ғана шығар. Яхталар, ұшақтар сияқты нәрселерге де қатысты, менің ойымша, мұндай адамдар көп емес", - деп қосты ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бірнеше жылжымайтын мүлік нысан иелеріне салық енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

"Адамның 10 нысаны болса, одан да көп төлеу керек шығар. Яғни, барлық мәселе мұқият қаралып, талқыланады. Қазір мен адам саны туралы статистиканы айта алмаймын", - деді Қуантыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю